Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Республикасы Қазақстанға коронавируспен күресу үшін маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар берді.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі хабарлады.20 наурызда Қытай Құрылыс банкінің Нұр-Сұлтандағы филиалында Қытай Қазақстанның коронавируспен күресуі үшін гуманитарлық көмек ретінде алғашқы партиясын табыстады. Медициналық маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар "СК-Фармация" ЖШС-ға табысталды. Бұл шара COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі екіжақты ынтымақтастық аясында іске асырылды, - деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.