Алматы, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бас сарапшысы У Гуйчжэнь мәлімдеді, деп жазды STOPCOV| ALMATY Тelegram каналы.
COVID-19-ға қарсы қытайлық төрт вакцина клиникалық зерттеулердің соңғы сатысында. Шілде айында төтенше пайдалану бағдарламасы басталды және оның үшеуі осы бағдарлама бойынша ұсынылды.
Сондай-ақ сарапшы У Гуйчжэн вакцинаны эксперименттік препараттардың бірін сәуір айында қабылдағанын және жанама әсерлерін байқамағанын айтты.