Қытайда жүргізушісіз басқарылатын автобус сынақтан өтуде

8 Ақпан 2019, 09:46
2336
Бөлісу:
Қытайда жүргізушісіз басқарылатын автобус сынақтан өтуде

Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында 5G байланысымен қамтылған жүргізушісі жоқ автобус сынақтан өткізілуде.


Автобус бақылау аппарат желісі мен лазерлі локатор сияқты технологиямен жабдықталған. Ол барлық автоматты операцияны 5G мобильді желісінің көмегімен жасап отырады.

12 адамға арналған электрлі автобустың ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 20 км.

Аталған өнімді China Mobile, Huawei компаниялары мен Оңтүстік-шығыс университеті және француздық Easy Mile компаниясы бірігіп құрастырған.
Өзгелердің жаңалығы