Қытайда тағы 27 адам коронавиурстан көз жұмды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. 8 наурыздағы жағдай бойынша Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 695 адамды құрады.</h4>

 8 Наурыз 2020 2020, 10:51
8 Наурыз 2020 2020, 10:51
1449

Алматы, BAQ.KZ. 8 наурыздағы жағдай бойынша Қытайда қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 695 адамды құрады.


Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады.

Аталған комиссияның мәліметінше, 57 065 адам вирустан жазылып шыққан. Ал соңғы тәулікте 27 адам көз жұмған, осылайша елде коронавирустан өлгендер саны 30 97-ге жетіп отыр.

Әлем бойынша 104 мың адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталған. Оңтүстік Кореяда – 7041, Италияда – 5883, Иранда- 5823, Францияда -949 адам коронавирус жұқтырған.
Наверх