Қытайда коронавирустың емі табылды

19 Наурыз 2020, 05:25
2818
Бөлісу:
Қытайда коронавирустың емі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеудің тиімділігін көрсетті. Мұны клиникалық зерттеулер растады.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Ғылым және технология министрлігі Биотехнология орталығының жетекшісі Чжан Синьмин мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған пациенттердің жағдайы жақсарып, өкпелері қалпына келу ықтималдығы жоғары болды.

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс нәтиже көрсеткен, ал қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзелген. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухань ауруханасында жүргізіліпті.

"Авиган" деген де атауы бар "Фавипиравирді" тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді.



Өзгелердің жаңалығы