Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болжам бойынша, жыл соңына дейін Қытай Халық Республикасында жұмыссыздар саны екі есеге артады, өйткені Қытай экономикасына эпидемия қатты соққы тигізді.
Қытай Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтерінше, ақпан айында қалада жұмыссыздық деңгейі 6,2%-ға көтеріліп, ел үшін рекордтық деңгейге жетті. Macqarie-дің бас экономисты Ларри Худың айтуынша, соңғы екі айда көптеген қытайлық жұмыссыз қалған. Бұл туралы South China Morning Post жазды.
Ресми мәліметтірге сәйкес, жыл соңында ҚХР қалаларында 442,5 мkн адам жұмыспен қамтылған. Содан бері шамамен 4,67 мkн адам жұмыссыз қалды, - деп қорытындылады Ларри Ху.Сарапшылар бұл нақты көрсеткіш емес, жыл соңына дейін Қытайдың 9 миллионға жуық тұрғыны жұмыссыз қалады деп санайды.
Статистика дерегінше, ҚХР-ғы бөлшек сауда өткен жылмен салыстырғанда 20,5% төмендеді. Өнеркәсіп өндірісі 13,5%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 24,5%-ға азайды. Ал интернетпен онлайн сауда оң динамикаға ие болып, 3%-ға өсті.
AdMarco сарапшыларының пікірінше, короновирустың әсерінен Қытай экономикасының өсуі кем дегенде 1%-ға, ал әлемдік экономика 0,5%-ға төмендейді. Жағдай одан бетер нашарлауы мүмкін. Сарапшылар COVID-19 салдарынан Қытайдағы өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі күшті болғанын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Ынталандыру" Халықаралық Қоры коронавирус салдарынан пайда болған жаһандық қаржылық дағдарыспен күрестің үш стимулын атап өткен болатын. Қор фискалдық, ақша-несиелік жене реттеуші бағытта ынталандыру қажеттігін атаған.