Қытай жылдамдығы ұшақпен теңесетін пойыз шығарды

11 Қазан 2019, 10:50
2256
Бөлісу:
Қытай жылдамдығы ұшақпен теңесетін пойыз шығарды

Алматы, BAQ.KZ. Қытай мамандары жасап шығарған пойыз сағатына 1000 шақырым жүреді деп күтіліп отыр. Бұл туралы lenta.ua порталы хабарлады.

Қытайлықтар соңғы он жылда көлік саласы бойынша технологиялық серпіліс жасап, жақсы дамып келеді. 1980 жылдары қытай жолдарында ескі паравоздар жүрген болса, қазір елде сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін пойыздарға арналған теміржол желісі қалыптасқан. Оның  үстіне қытайлықтар қазір ұшаққа қарағанда пойызбен жүруді жөн санайды екен.

Енді Қытай 1 сағатта 1000 шақырым жерді басып өтетін пойызды енгізбекші. Теміржол желілерін де соған бағыттап салмақшы, яғни, магниттік левитация қағидасымен салынады. 

Келесі жылдың басында Қытай провинцияларының біріндегі теміржолдың бір бөлігіне осындай жаңа жолды сынақтан өткізу қарастырылып отыр. Ал, алдағы он жылда Қытай үкіметі елдегі теміржолдың барлығын жоғары жылдамдыққа бейімделген желіге ауыстыруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы