Қытайға аса қауіпті тайфун жақындап келеді

9 Тамыз 2019, 10:12
3421
Бөлісу:
Қытайға аса қауіпті тайфун жақындап келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі «Лекима» тайфунының жақындауына байланысты қауіптіліктің «қызыл» деңгейін жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Жұма күні таңертең тайфун Қытайдың Чжэцзян ауданының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған.

Циклон ошағына жақын жердегі желдің ең жоғары екпіні 17 балға (секундына 60 метр) жетеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, тайфун сағатына 20 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып, сенбі күні таңертең Чжэцзян ауданының жағалауына жетеді. Желдің күші 14-16 балл болмақ. Кейін ол бәсеңдеп, солтүстікке қарай бет алады.

Синоптиктер жұма және сенбі күні Қытайдың оңтүстік-шығыс аудандарында дауыл соғып, нөсер болып, су тасқыны болу қаупі бар екенін ескертеді. Олар теңізде жүрген барлық кемелерге қайтып келулеріне және порт құрылыстарын нығайтуды ескертті.



Өзгелердің жаңалығы