Ыстық ауа райынан «Самара – Шымкент» автобанының бетон плитасы көтеріліп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті.

 9 Маусым 2022 2022, 03:26
9 Маусым 2022 2022, 03:26
1980

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самара – Шымкент» тасжолының «Қызылорда – Шымкент» ақылы учаскесінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кетті.

Әлеуметтік желіде «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жолда цемент плитаның көтеріліп кеткендігі туралы видео тарады. Жағдай Төрткөл кенті аумағында орын алған. 

Жол ортасындағы үлкен плиталар ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырды. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева қазіргі таңда «ШымкентЖолҚұрылыс» ЖШС мердігер ұйымы жолды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағанын мәлім етті.

10 жол қызметкері және 5 арнайы техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидромолот) жұмылдырылды. Қажет жол белгілері орнатылды. Жергілікті полиция патрульдеу жүргізіп жатыр, - деді Ләззат Стамғазиева.

Наверх