Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кешегі Ыстанбұлда орын алған суық хабарды естіп, біздің Ыстанбұлдағы бас консулдығымыз дереу жергілікті билікпен байланысқа шықты. Әрине, біраз уақытты алды. Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Түнімен біздің бас консулдықтың тараптары телефонда байланыста болып, барлық сол маңдағы ауруханаларды тексеріп шықты. Қуанышқа орай, біздің азаматтарымыз зардап шеккендер мен қаза тапқандар тізімінде жоқ, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.
Айтуынша, тергеу әлі де жүріп жатыр.
Алайда тергеу әлі де жүріп жатыр. Жергілікті билікпен бас консулдық байланыста. Тергеуге байланысты Түркия тарапы басқа ақпаратты ұсынбайды, - деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетейік, кеше Ыстанбұлдағы Таксим алаңына шығатын Истикляль көшесінде жарылыс орын алған болатын.