Ыстанбұл билігі қаладағы төрт аудан аумағында жаппай іс-шаралар өткізуге бір күндік шектеу қойды. Тыйым 26 қазан күні түн ортасынан бастап 23:59-ға дейін күшінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне cілтеме жасап.
Мұндай шешім жергілікті әкімдікке кейбір топтардың рұқсат етілмеген жиналыстар, шеру және наразылық акцияларын өткізуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат түскеннен кейін қабылданған.
Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке қауіп төндіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзуы және түрлі арандатушылықтарға себеп болуы мүмкін.
Тыйым Бейоғлы, Байрампаша, Каытхане және Шишли аудандарына қатысты болып отыр. Осы аудандарда бір тәулік бойы митинг, демонстрация немесе басқа да жаппай жиналыстар өткізуге болмайды.
Айта кетейік, Түркияда 29 қазанда Республика күні атап өтіледі.