Ыстанбұлда шеруге шыққан 200-ден астам адам ұсталды

2 Мамыр 2024, 06:17
626
Бөлісу:
Ыстанбұлда шеруге шыққан 200-ден астам адам ұсталды
Фото: haqqin.az

Ыстанбұлда Таксим алаңында наразылық шеруіне шыққандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ euronews-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Али Ерликаяның мәліметінше, ұсталғандар саны 210 адамға жуықтаған.

Бұған дейін ел билігі бірінші мамырда

Ыстанбұлда тыйым салынғанына қарамастан Таксим алаңына шыққан және полиция қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған 210 адам ұсталды, - деп жазды министр Х әлеуметтік желісінде.

Түрік арнайы жасағы алаңға жақындаған демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданған. Кейбір шерушілер тосқауылды бұзып өтпек болған полиция қызметкерлеріне тас лақтырған.

Бұған дейін Ыстанбұл билігі қауіпсіздік мақсатында алаңда қандай да бір жиын өткізуге тыйым салған болатын.

Өзгелердің жаңалығы