Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды

24 Наурыз 2025, 20:14
1705
Бөлісу:
Ыстамбұлға кіріп-шығуға тыйым салынды
Фото: Видеодан кадр

Ыстамбұлда сыбайлас жемқорлық айыбы бойынша қала мэрі Экрем Имамоғлудың қамауға алынған сәтінде бұрқ еткен жаппай наразылық акциялары әлі жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты провинция басшылығы қалаға кіріп-шығуды шектеді.

"РИА Новости" хабарлағандай, Ыстамбұл провинциясының билігі қалада болып жатқан наразылық акцияларына байланысты адамдар қозғалысын шектеді.

Ыстамбұл провинциясына заңсыз акцияларға жекелей немесе топ болып қатыспақ жеке адамдарға, топ адамға және көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады, - деді провинция басшылығы.

Хабарламада наразылықтарға қатысу әлеуеті қалай бағаланатыны көрсетілмеген.

Х әлеуметтік желісінде бөлісіп жатқан фотосуреттер мен видеолар адамдарды шетінен ұстау жүргізіліп жатқанына қарамастан наразылық акциялары әлі басылмай жатқанын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы