Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу аясында қамауға алынған Ытамбұл мэрі Экрем Имамоғлу әлеуметтік желідегі X парақшасында өз жақтастарын құқықтары үшін күресуге және әртүрлі қалалардағы алаңдарға шығуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен халқымызды жауапкершілікпен құқықтары үшін күресуге шақырамын. Бұл – ұлтымыз бен балаларымыздың болашағы үшін күрес. Бүгін міндетті түрде Түркияның болашағы үшін дауыс беріңіздер. Содан кейін Ытамбұлдағы Сарачхане алаңына және басқа қалалардағы демократия алаңдарына жиналып, дауыстарыңызды көтеріңіздер. Бұл – халықтың еркіндігін ұрлағандарға қарсы тұрып, құқықтар үшін күреске қосылатын күн, – деп жазды ол.
Жексенбі күні Sözcü телеарнасы соттың Имамоғлуды қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлады. Мэрмен бірге қалалық әкімдіктің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері де қамауға алынды, барлығы 90-нан астам адам сот ісіне тартылған.
Өз кезегінде, Ытамбұлдың Бас прокуратурасы мэрге қатысты терроризм бойынша екінші іс аясында қамауға алу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан сот шешіміне шағым түсірмек.