Ыстамбұл – Ташкент бағытындағы Uzbekistan Airways әуе компаниясының HY282 рейсі бұрын-соңды болмаған ерекше оқиғаға куә болды. 19 шілде күні ұшу барысында жолаушылардың бірін кенеттен толғақ қысып, ұшақ ішінде сәби дүниеге келді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауада туған нәресте тек ұшқыштар мен жолаушылар үшін ғана емес, бүкіл рейс үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Бақытына қарай, бортта кезекші дәрігерлер Дильбар Шерипбаева мен Дильшод Норожиев болып, шұғыл көмек көрсетті. Оларға экипаж мүшелері де асқан кәсіби шеберлікпен көмекке келіп, өз міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарды, - делінген хабарламада.
Бортсеріктердің үйлесімді, байсалды және мейірімді әрекеті ұшақ бортындағы қауіпсіздіктің басты кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар бұл күрделі жағдайда жолаушы мен сәбидің өміріне алаңдап, жанкешті еңбек етті.
Жағдайды бағалаған экипаж командирі Михаил Ажгиревич ұшақты шұғыл түрде Үргенш әуежайына қондыру туралы шешім қабылдады. Қонған бойда ана мен сәби жергілікті медициналық мекемеге жеткізіліп, кәсіби дәрігерлердің бақылауына алынды.