Ыстамбұлда жер сілкінді

Түркияда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі жергілікті Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап.

 yenisafak.com 23 Сәуір 2025 2025, 15:28
23 Сәуір 2025 2025, 15:28
1391
Фото: yenisafak.com

Түркияда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі жергілікті Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап.

Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында магнитудасы 3,9 болған жер сілкінісінен соң магнитудасы 6,2-ге жеткен екінші жер сілкінісі орын алған. 10 секунд бойы сезілген жер сілкінісі жұрттың үрейін ұшырды.

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар бойынша басқарманың (AFAD) сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Ыстамбұлдың Силиври ауданындағы Мәрмәр теңізінің жағалауында 3,9 балды құраған жерасты дүмпуі тіркелген.

Сондай-ақ жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD және барлық жауапты мекемелер жер сілкінісіне байланысты тексеру жұмыстарын бастады, - деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Ерликая.

Силивридегі жер сілкінісінен соң магнитудасы 6 балға жеткен тағы бір дүмпу тіркелді.

Наверх