Ыстамбұлда 30 миллион доллар ұрланды

Ыстамбұл қаласында ірі көлемдегі ұрлық дерегі тіркелді. Валюта айырбастау пункті жабылғаннан кейін кәсіпкер 30 миллион долларды сөмкелерге салып, көлігінде қалдырған.

 freepik 15 Ақпан 2026, 06:44
15 Ақпан 2026, 06:44
1297
Фото: freepik

BAQ.KZ мәліметінше, осы сәтті пайдаланған төрт қылмыскер көлікті бұзып кіріп, ақшаны алып кеткен.

Haberler басылымының хабарлауынша, күдіктілер оқиға орнынан автокөлікпен ізін суытқан.

Сол түні қаражат иесі Билал Дурмаз автотұраққа қайта келгенде, көлігінің есіктері мен терезелері сынғанын және сөмкелердің жоғалғанын байқап, полицияға хабар берген.

Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Ыстамбұл, Анталия және Коджаели қалаларында жеті күдікті ұсталды. Тінту кезінде 1 670 500 доллар, 13 200 лира, 860 дана тыйым салынған таблетка, екі тіркелмеген тапанша және бір газ тапаншасы тәркіленді.

Наверх