Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС директоры болды

11 Сәуір 2022, 19:33
2055
Бөлісу:
Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС директоры болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды  aikyn.kz .

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты.

2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ газеттерінде тілші ретінде бастады.

2003-2004 жылдар аралығында «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарды.

2005-2019​ жылдары аралығында​ «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде еңбек етті.

2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарып келді.

Өзгелердің жаңалығы