Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы уақытта Қазақстан тұрғындарына Қырғызстанға кіру кезінде балалардың туу туралы куәліктеріне тіркелетін фотосурет жапсырылған қосымша парақты ұсыну қажет болмайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шешім Қазақстан Республикасының премьер-министрі А.Маминнің қатысуымен өткен Қазақстан – Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің сегізінші отырысы аясында қабылданды. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы аталған елдер азаматтарының болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Бұл құжат екі тараптың Парламенті мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
«Мақұлданған жағдайда құжат балалармен шекарадан өтетін қазақстандықтарға туу туралы куәлікке қоса берілетін анықтама-қосымша парақты көрсетуді көздейді. Бұрын 16 жасқа толмаған баланың фотосуреті бар қосымша парақ міндетті болды»,-делінген хабарламада.