Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз - ҚХА

1 Наурыз 2021, 12:03
1879
Бөлісу:
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз - ҚХА

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласындағы  Орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев Алғыс айту күніне орай өткен онлайн брифингте айтты. 

Жиын барысында ол бұл күн адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымды іс жасауға шақыратын күн екенін жеткізді.

Бүгін елімізде Алғыс айту күні атап өтілуде. Бұл рухани күн. Адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымды іс жасауына шақыратын күн. Алматының бүгінгі шуақты күнінде қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаймын. Оның үстіне бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылған күні. Еліміз қазіргі пандемиялық қиындықты еңсере берсін және ұлтаралық келісім нығая беруін тілеймін,-деді ол.

Сонымен қатар ол өткен жылы пандемия басталғалы еліміздегі этномәдени орталықтар көмекке зәру, аз қамтылған отбасыларға көмек қолын соза білгенін айтты. 

Мұндай қайырымдылық шаралар әлі де жалғасын тауып келеді. Сондықтан біз ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз, - дейді Лукашев. 

«Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Абайдулла Жапаров та Қазақстан халқын бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтады.

Баршаңызды 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз Қазақстан ұйғырлары отанымызға, Елбасымызға, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша Қазақ еліне алғыс айтамыз.  Біз ұйғырлар басқа ұлттармен бірге өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалуға бар мүмкіндікті берген көпұлтты отанымыз Қазақстанға алғыс айтамыз. Отанымыз көркейе берсін. Көк туымыздың астында тату-тәтті өмір сүріп, ынтымағымыз мәңгі болсын. Баршаңызға амандық тілеймін, - деді Жапаров.

Өзгелердің жаңалығы