Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Йеменде президент сарайының маңында атыс шықты

Бөлісу:
 википедия
Фото: википедия

Маашик президент сарайының маңында, сондай-ақ Йеменнің уақытша астанасы Аденнің Кратер және Хор Максар аудандарының кейбір бөліктерінде оқ атылған дыбыстар естілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік БАҚ-тың қаланың қауіпсіздік департаментінің ресми өкілі Халед Әл-Санамиге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, шабуылдың нысанасы Кратер және Хор Максар аудандарының үстіндегі әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан дрон болған.

Йемендегі жағдай 2025 жылдың желтоқсанында БАӘ қолдаған Оңтүстік өтпелі кеңестің (STC) Оңтүстік Йеменнің тәуелсіздігін қалпына келтіруге тырысатын ауқымды шабуылынан кейін күрт ушығып кетті. Оларға Президенттік басқару кеңесінің төрағасы Рашад әл-Алими бастаған күштер қарсылық білдіруде.

Өзгелердің жаңалығы