Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Йемен билігі Аден провинциясында коменданттық сағат енгізді

Кеше, 05:18
375
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Йеменнің президенттік басқару кеңесінің мүшесі және "әл-Амалика" бригадаларының командирі Абдель Рахман Әл-Махрами Аден провинциясында түнгі коменданттық сағат енгізуді бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Енді 21:00-ден 06:00-ге дейін тек қауіпсіздік қызметкерлері, әскери құрылымдар, медициналық және техникалық бригадалар бекітілген рұқсаттамамен ғана жүре алады.

Бұл шешім Оңтүстік өтпелі кеңестің (ЮПС) сепаратистік құрылымдары өз позицияларын қалдырғаннан кейін қабылданды. Әл-Амалика бригадалары Маашик президент сарайы мен Аден халықаралық әуежайына бақылау орнатты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша астанада қарулы қақтығыстың алдын алуды тапсырылды.

Соңғы бірнеше аптада Йеменнің оңтүстігінде сепаратистік әрекеттер күшейіп, президенттік басқару коалициядан әскери көмек сұрады. 30 желтоқсанда төтенше жағдай жарияланып, елдің кейбір провинцияларында үкімет күштері бақылауды қалпына келтірді.

Өзгелердің жаңалығы