Әйелін өртеп жіберген қылмыскер 15 жылға сотталды

9 Сәуір 2020, 08:32
1226
Бөлісу:
Әйелін өртеп жіберген қылмыскер 15 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны кінәлі деп таныды, деп хабарлайды astanatv.kz арнасы.

Сот қылмысты жеңілдететін мән-жайлар ескерілгенін айтты. Сондай-ақ  марқұмның туыстары талап еткен 4 миллион теңгені өндіруге қаулы шығарды.
Өмірбеков жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Еске сала кетейік, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға былтыр күзде ел астанасында болған еді. Ажырасып кеткен күйеуі Түркістан облысынан әйелін астанаға іздеп келіп, артынша айдалаға апарып, өртеп жіберген. Денесінің 75%-ын күйік шалған жәбірленуші, араға бір ай салып дүние салған болатын. Олардың артында 6 баласы қалды. Балалар қазір туысқандарының қамқорлығында. 

Өзгелердің жаңалығы