Әйелдерге арналған түзеу мекемесі карантиннен алынды

28 Сәуір 2020, 18:15
1373
Бөлісу:
Әйелдерге арналған түзеу мекемесі карантиннен алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іле ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен ЛА-155/4 мекемесі аумағында карантин режимі алынды, бұл туралы  Polisia.kz сайты жазады.

Бұрын хабарланғандай, сотталғандардың бірінде (жүкті әйелде) коронавирустық инфекцияға талдау оң нәтиже берді.

Ай-күні жақындаған сайын тұтқындалушы талдауды бірнеше рет тапсырған. Сондай-ақ, қаралып жүрген ауруханасы карантинге жабылған. Жақында әйел коронавирус инфекциясына қайта тексеруден өткен. Ол теріс нәтиже көрсеткен.

Соvid-19 тестілеуінен әйелмен байланысқан 67 сотталған мен мекеме қызметкері де өткен.

Жуырда ұлттық алдын алу механизмі мен қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері мекемеде қабылданған ҚАЖ мекемелерінде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шараларға оң баға берді.

ҚАЖ-дың барлық мекемелерінде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау іс-қимыл алгоритміне сәйкес қажетті санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетінін еске саламыз. 

Кездесулерге уақытша тыйым салынған,  бұл ретте туыстарымен телефон арқылы сөйлесіп, бейне қоңыраулар мен әлеуметтік  желілер арқылы байланыса алады. Сондай-ақ, сәлемдемелер шектеусіз қабылданады.

ҚАЖ-дың әрбір бөлімінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қызметкерлер мен сотталушылар антисептикалық құралдарды пайдаланып, өзара ара қашықтықты сақтайды. 

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды толыққанды вирус, тесттамақтандырады. Иммунитетті арттыру үшін әрбір мекемеде С-витамині бар тамақтар көп мөлшерде беріледі.  ҚАЖ мекемелеріндегі жағдай ІІМ мен денсаулық сақтау органдарының тұрақты бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы