Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ямайкаға гуманитарлық көмек апара жатқан ұшақ жеке үйдің ауласына құлады

11 Қараша 2025, 08:32
283
Бөлісу:
 The Mirror
Фото: The Mirror

Флорида штатындағы Корал-Спрингс қаласында Ямайкаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған Beechcraft King Air жеңіл моторлы ұшағы жеке үйдің ауласына құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Mirror-ға сілтеме жасап.

Апат сәті қауіпсіздік камерасына түсіп қалған. Кадрларда ұшақ ағаштар мен қоршауларға соғып, соңында көлге құлағаны көрінеді. Ұшақ 7-9 жолаушыға арналған болатын.

Қазіргі уақытта сүңгуірлер көлде ұшқыш пен жолаушыларды іздестіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Апатқа ұшыраған ұшақ Форт-Лодердейл әуежайынан ұшып, Мелисса дауылынан зардап шеккен Ямайкаға гуманитарлық жүк жеткізбек болған.

Өзгелердің жаңалығы