Ялтада нөсер салдарынан қаланың жарты бөлігін тасқын су басты

18 Маусым 2021, 14:29
1735
Бөлісу:
Ялтада нөсер салдарынан қаланың жарты бөлігін тасқын су басты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ялтада алты сағаттың ішінде бір айлық жауын-шашын мөлшері жауды. 

Бұл туралы Қырым гидромет орталығына сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлады.

Түнгі 12:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 42 миллиметр жауын, Ай-Петриде 84 миллиметр жауын-шашын жауды. Бұл айлық мөлшерден асып түсті (72 миллиметр), - делінген зерттеу орталығы өкілінің хабарламасында.

Водопадная өзенінің суы өзенді жарып шығып, салдарынан қала көшелерін топан су басты.

Жергілікті әкімшілік өкілі Янина Павленконың айтуынша, қаланың электр қуатынсыз қалу қаупі бар. Ол жергілікті тұрғындарды мүмкіндігінше үйде қалуға шақырды. 

17 маусымда Қырымның шығысына нөсер жауып, Керчте және оған жақын жатқан елді мекендерде жауынның айлық мөлшері түскен. 300-ден астам үй су астында қалды. 

Биліктегілер өңірде төтенше жағдай режимін жариялады.

20 мыңға жуық адам ауызсусыз қалды.

Өзгелердің жаңалығы