Үй карантиніндегілер не істеу керек

20 Наурыз 2020, 23:15
2653
Бөлісу:
Үй карантиніндегілер не істеу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында оқшаулау аймағындағы отбасы мүшелерінің барлығы күнделікті ұстануға тиісті нұсқаулықпен бөлісті.

Нұсқаулықта күнделікті жасалуға тиіс әрекеттер:

1. Күніне кемінде 2 рет дене температурасын өлшеу керек;

2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;

3. Күн сайын ылғалды тазарту жүргізу;

4. Қолды жиі сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Мүмкіндігінше қолды сүртуге бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған жөн;

5. Отбасының әрбір мүшесі жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалану;

6. Бөгде адамдардың келуін болдырмау;

7. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын сулықпен жабу. Осыдан кейін міндетті түрде қолды жуу немесе антисептикпен өңдеу керек.

 8. Отбасының кез келген мүшесінде температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде, карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсету, колл-орталықтарға дереу хабарлап, жедел жәрдем шақыру. Егер сұрақ туындаған жағдайда 1406 нөміріне хабарласу керек.

Өзгелердің жаңалығы