Қазақстанның соңғы жаңалықтары

XII Азаматтық форум қарсаңында құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

7 Қазан 2025, 08:32
399
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандағы XII Азаматтық форумға дайындық аясында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбековтің қатысуымен "Заң және тәртіп – біртұтас қоғамның негізі: азаматтық сектордың рөлі" тақырыбында үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ішкі істер органдары мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Негізгі тақырыптар қатарында:

  • құқық бұзушылықтың алдын алу;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу;
  • есірткі қылмысына, киберқауіптерге, экстремизм мен радикализацияға қарсы іс-қимыл;
  • сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мәселелері бар.

Сонымен қатар, құқық қорғау саласында цифрлық шешімдерді енгізу, ІІМ мен азаматтық сектор арасындағы серіктестікті дамыту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Форумға дайындық шеңберінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, тақырыптық сессиялар өткізілуде.

Өзгелердің жаңалығы