World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді

Кеше, 21:42
187
Бөлісу:
World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Лозаннада Тәуелсіз танылған спорт түрлері альянсы (AIMS) кезектен тыс онлайн-ассамблея өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне сәйкес, сессияның басты оқиғасы – Халықаралық World Boxing федерациясының ұйым қатарына ресми түрде қабылдануы болды.

World Boxing-тің өтінімі SportAccord Атқарушы комитетінің жан-жақты тексерісінен өтіп, кейіннен мүшелік комиссиясында қаралды. Комиссия федерацияның барлық қажетті талаптарға сәйкес келетінін растады.

SportAccord-тың оң қорытындысынан кейін, World Boxing-ті қабылдау туралы ұсынысты AIMS Кеңесі мен оның мүшелері мақұлдады. Осылайша, World Boxing AIMS спорт қауымдастығының бір бөлігіне айналды. Бұл – Федерацияның дамуындағы маңызды кезең.

Айта кетейік, AIMS-ке мүшелік – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) тарапынан танылуды мақсат еткен ұйымдар үшін міндетті қадам. AIMS-ке мүше болмайынша, ХОК өтінімдерді қарастырмайды.

Өзгелердің жаңалығы