Қазақстанның соңғы жаңалықтары

WIPO: Германия 2025 жылы ең инновациялық елдер ондығына кірмеді

17 Қыркүйек 2025, 07:12
556
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

БҰҰ-ның жыл сайынғы Жаһандық инновациялық индексі (Global Innovation Index) жарияланды. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) деректеріне сәйкес, Германия 2025 жылы ең инновациялық 10 ел қатарынан шығып, Қытайдан кейінгі 11-орынға тұрақтады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесінде Қытай өз позициясын айтарлықтай нығайтқаны атап өтілді. Елдің жетістіктері, әсіресе патенттер саны, ғылыми жарияланымдар және жоғары технологиялық өндіріс бағыттарында көзге түсіп отыр.

Жаһандық инновациялық индекс 132 елді қамтиды. Бағалау кезінде шамамен 80 көрсеткіш ескеріледі: ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін шығындар, патенттік белсенділік, компаниялардағы инновациялар деңгейі және цифрлық инфрақұрылым сапасы.

2025 жылғы рейтингтің көшбасшылары өзгеріссіз қалды. Швейцария, Швеция, АҚШ, Оңтүстік Корея және Сингапур үздік бестікте өз орындарын сақтап қалды.

Өзгелердің жаңалығы