Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкісі Жеңіс Қасымбек пен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев кездесті. Бұл туралы облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Соңғы жылдары ұлттық байланыс операторымен көптеген бірлескен жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, Қарағанды мен Теміртау қалаларында 2 мыңнан астам кіреберіс бейнебақылау камералары іске қосылған. Облыстың төрт қаласында арнайы газ талдағыштармен ауа сапасының экологиялық мониторингі енгізілді. Екі жыл ішінде облыс ауылдарының 90% кең форматты интернетпен қамтамасыз етуге келістік, - деп жазды әкім өз парақшасында.
Сонымен қатар, облыс басшысы облыс орталығын жайлы етуге көмектесетін бірқатар жобаларды талқылағандарын жеткізді.
Жоспар бойынша – Қарағанды орталығында және қаланың басты саябақтарында қоғамдық Wi-Fi орнатылады. "Ақылды қала" жобасы аясында "Қазақтелеком" big dataны қолданумен технологияларды енгізуді ұсынады. Бұл дегеніміз – көліктік жоспарлау, экономикалық белсенділікті, көші-қон мен жұмыссыздықты, туристер ағынын талдау. Бірақ, ол үшін жұмыс істеп тұрған барлық байланыс операторларының өзара іс-қимылы қажет, - дейді өңір басшысы.