Қазақстанның соңғы жаңалықтары

WhatsApp Instagram мен Facebook-тен фото импорттау мүмкіндігін сынақтан өткізуде

28 Шілде 2025, 03:40
581
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

WhatsApp мессенджері профильдік фотосуретті Instagram және Facebook желілерінен тікелей импорттауға мүмкіндік беретін жаңа функцияны сынап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ WABetaInfo-ға сілтеме жасап.

Қазіргі таңда WhatsApp қолданушылары өз аккаунттарына фотосурет жүктеу үшін үш түрлі жолды пайдалана алады: камера арқылы суретке түсіру, галереядан таңдау немесе жасанды интеллект көмегімен фото жасау. Жаңа функция бұл тізімге Facebook-тен және Instagram-нан тікелей импорттау опцияларын қосады.

Аталған жаңашылдық әзірге Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың 2.25.21.23 нөмірлі бета-нұсқасында қолжетімді. Тесттен тек шектеулі пайдаланушылар өтіп жатыр. Жалпыға қолжетімді тұрақты нұсқаның қашан пайда болатыны әлі хабарланған жоқ.

Әзірлеушілердің мәлімдеуінше, бұл мүмкіндік бастапқыда өшірулі болады. Оны пайдалану үшін қолданушы Meta есептік жазбалар орталығы арқылы Instagram немесе Facebook аккаунтын WhatsApp-пен байланыстыруы қажет. Дегенмен, бұл өзгеріс WhatsApp-тағы шифрлау жүйесіне немесе құпиялылық саясатына әсер етпейді.

Meta корпорациясы бұл қадам арқылы қолданушы тәжірибесін жақсартуға және платформалар арасындағы ықпалдастықты арттыруға тырысуда.

Өзгелердің жаңалығы