Westoil Software компаниясы заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырды

5 Наурыз 2024, 16:11
576
Бөлісу:
Westoil Software компаниясы заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырды

"Westoil Software" ЖШС мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазір компания жұмысқа орналасу кезегіне тұрған жұмыссыз азаматтар арасында әңгімелесу жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 20 адам әңгімелесудің барлық кезеңінен өтіп, сот шешімімен жұмыстан шығарылған заңсыз ереуілге қатысушылардың орнын басып, жұмысқа кірісіп жатыр. Алдағы уақытта заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген бұрынғы жұмысшылардың барлығы біртіндеп ауыстырылатын болады, - деп хабарлады компания.

Заңсыз ереуілге қатысушылардың жұмысқа қабылдау ісі аяқталмай тұрып, келісім комиссиясы арқылы жұмыс орындарына қайта оралуларына мүмкіндіктері бар.

Ақылға келіп, заңсыз ереуілді тоқтатуға шақырамыз. Кәсіпорын өз тарапынан еңбек жағдайын жақсартуды, құрал-жабдықтарды жаңартуды және жылы автомобиль бокстарын салуды өз міндетіне алады, - деп мәлімдеді компания.

Өзгелердің жаңалығы