WBO Жәнібек Әлімханұлына неге "суперчемпион" атағын бермеді

Бүгiн, 13:10
281
Бөлісу:
WBO Жәнібек Әлімханұлына неге "суперчемпион" атағын бермеді
Фото: Steve Marcus/Getty Images

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының “суперчемпион” мәртебесін ала алмаған себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

“Х” әлеуметтік желісінің бір қолданушысы Оливьериден неліктен “Қазақ стиліне” суперчемпион атағы берілмейтінін сұрап, оның екі белбеуі бар екенін еске салды (WBO және IBF).

Себебі “суперчемпион” мәртебесі (құқықтары мен артықшылықтары, бірақ титул емес) белгілі бір критерийлерге сәйкес болуды талап етеді. Біздің ережелеріміз бен қағидаларымыздың 14-бөлімін қараңыз. Құрметпен”, – деп жазды WBO президенті.

Айта кетейік, WBO-ның “суперчемпион” мәртебесін алу шарттарының бірі – кем дегенде он титулдық жекпе-жекті сәтті қорғау және жоғары деңгейдегі қарсыластарға қарсы шығу болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы