Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

14 Мамыр 2019, 14:21
2250
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында 17 мамырда Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен жарысқа қатыса алады. 

«Сауықтыру жүгірісіне қатысудан басқа, сіз қан қысымын өлшей аласыз, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтай аласыз, дұрыс тамақтану қағидалары туралы, донорлық ұстанымдар туралы кеңес алып, АИТВ статусын анықтау үшін экспресс тесттен өте аласыз. Нұсқаушы шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізеді», - делінген салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарламасында. 

Акцияның мақсаты – денсаулықты нығайта отырып, өмір сүру ұзақтығын арттыруды белсенді насихаттау. 

Шара Ботаникалық бақта сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.     

Өзгелердің жаңалығы