Қазақстанның соңғы жаңалықтары

WADA Еуропада 800 млн доза допингті тәркіледі

14 Қазан 2025, 02:34
477
Бөлісу:
 Adam Nurkiewicz/Getty Image
Фото: Adam Nurkiewicz/Getty Image

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) басшысы Витольд Банька Еуропадағы ауқымды операция нәтижесінде тыйым салынған заттар мен стероидтердің 800 миллион дозасы тәркіленгенін хабарлады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропалық нарықтан 800 миллион доза допингтік заттар мен стероидтер тәркіленді. Операция барысында 40 тонна тыйым салынған өнім анықталып, 35 жасырын зертхана жабылды. Бұл қара допинг нарығына, әсіресе фитнес пен спорт залдарына үлкен соққы болды, - деп мәлімдеді Витольд Банька.

WADA 2022 жылы Еуропалық Одақтың грантын жеңіп алып, ұлттық допингке қарсы ұйымдар мен құқық қорғау органдарының тергеу әлеуетін арттыруды мақсат еткен болатын.
Баньканың айтуынша, бұл жолғы бірлескен операция – халықаралық ынтымақтастықтың нақты нәтижесі.

Операцияның егжей-тегжейі кейінірек жарияланатыны айтылды, алайда WADA мұндай көлемдегі тәркілеу допинг бизнесіне «соңғы жылдардағы ең ауыр соққы» болғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы