Президент волонтерлық қызметті еңбек өтіліне есепке алуды тапсырды

10 Желтоқсан 2019, 14:03
5094
Бөлісу:
Президент волонтерлық қызметті еңбек өтіліне есепке алуды тапсырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлық сағаттарды еңбек өтіліне есепке алуды тапсырды. 

Еңбек өтіліне волонтерлық сағаттарды есепке алу әдіснамасын енгізу маңызды. Бұл осы салада тұрақты жұмыс істейтіндерге қатысты болмақ. Менің ойымша, бұл өте маңызды, - деп тапсырды мемлекет басшысы. 

Ол волонтерлықпен айналысатын студерттердің стипендиясын көтеріп, ақылы бөлімде оқитындарға әлеуметтік студенттік кредиттер жүйесін енгізу қажет екенін айтты.

Үкімет бұл сұрақты шешеді деп ойлаймын. Коммерциялық бағытта оқитындарға әлеуметтік студенттік кредиттерді енгізу қажет. Бұл волонтерлық сағаттар есебінен кейбір академиялық сағаттарды есепке алу  құқығын береді. Өз кезегінде бұл оларға жақсы стимул болады, - деді мемлекет басшысы Жастар жылының жабылу және Волонтерлар жылының ашылу салтанатында. 

Осыған дейін ҚР президенті жаңа жылдан бастап студенттердің стипендиясын 25%-ға көтеруді тапсырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елордада Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Мемлекет басшысы жастарды мақтан тұтатынын айтқан болатын. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылында даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық деген еді. 

Өзгелердің жаңалығы