Волонтерлері үй-күйсіз жүргендерге ыстық тамақ таратты

18 Наурыз 2021, 21:30
2857
Бөлісу:
Волонтерлері үй-күйсіз жүргендерге ыстық тамақ таратты
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы волонтерлері 18 наурыз – «Игі істер» күні аясында көмекке мұқтаж жандарға ыстық тамақ пісіріп таратты.

ҚР  Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көктем мерекесі – Наурыз мейрамын жаңаша атап өту тұжырымдамасын жасауды тапсырған. Соған сәйкес елімізде Наурыз мейрамын атап өтудің онкүндік тұжырымдамасы әзірленген. Онда 18 наурыз – «Игіс істер» күні болып белгіленген.

Волонтерлері үй-күйсіз жүргендерге ыстық тамақ таратты

Осыған орай бүгін «Халықаралық білім беру корпорациясы» жастар орталығының мүшелері, оның ішінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Қазақстан Америка университетінің студенттері мейірімділік марафонын өткізді. Акция аясында қиын жағдайда қалған, үйсіз далада жүргендер және суық күнде далада жұмыс істеп жүрген азаматтарға ыстық тамақ ұсынды. 

«Халықаралық білім беру корпорациясы» жастар орталығының жетекшісі Бағдат Анарбаева аталған акция қала бойынша өткенін айтады.

Жастар саябақта, көшеде жүрген тұрғылықты жері жоқ жандарға тамақ дайындап таратты. Оған қоса қаламыздағы әлеуметтік үйге де апардық. Ол жерде де көмекке мұқтаж жандар бар. Басты мақсатымыз – қиын жағдайда қалған осындай адамдарға кішкене болсын көңіл бөліп, жылулық сыйлағымыз келді,-дейді ол.

Волонтерлері үй-күйсіз жүргендерге ыстық тамақ таратты

Мейірімділік акциясына отыздан астам студент қатысып,  жүзден астам мұқтаж адамға ыстық тамақ ұсынылған.

Өзгелердің жаңалығы