"Волонтерлер лигасының" жетекшісі праймеризге қатысатынын мәлімдеді

17 Тамыз 2020, 15:06
1158
Бөлісу:
"Волонтерлер лигасының" жетекшісі праймеризге қатысатынын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. "Волонтерлер лигасы" қоғамдық ұйымының жетекшісі Айсұлу Ерниязова праймеризге қатысатынын мәлімдеді.

Жастар саясаты, волонтерлік, қоғамдық қызмет - бұл өмірдің көптеген саласы туралы барынша кең түсінік беретін қызмет аясы. Жастардың, көмекке мұқтаж жандардың, қоғамның мәселелерін шешумен тұспа-тұс келгенде, әрқашан "сен не істей аласың" деп ойланасың. Жастар мен әйелдерге арналған квота ресми түрде бекітілген кезде, маған осындай ерекше "мүмкіндікті пайдаланамын ба" деген сұрақтар жиі қойылатын. Біраз уақыт ойландым. Ал ұзақ ойланған себебім, мен оны қаламағандықтан немесе қолымнан келетініне күмәнданғаннан емес, мен өзімнің мақсатыма жете алатынымды және жұмысқа қабілеттілігімді білемін, және бастысы көмектесетін және қолдауға дайын командам бар. Бұл үлкен жауапкершілік болғандықтан ғана біраз ойландым. Мен тіптен қорықпаймын, неге екенін алдыңғы сөйлемнен көре аласыздар. Мен бар күш-жігерімді салуға, жұмыс істеуге, әлі білмегенімді білуге және осы мүмкіндікті пайдалануға дайынмын, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.

Сонымен қатар, ол өзін жақсы білетін адамдар, жұмыс бойынша жолықтырған адамдар, оның Қазақстан үшін бәріне даяр екенін білетінін айтты. 
Мен патриотпын! Бұл жай ғана сөздер емес. Мен 5 жыл бұрын партия таңдау туралы шешім қабылдадым - бұл "Нұр Отан", халықтық партиясы екенін пандемия тағы бір мәрте дәлелдеді. Праймериз бұл фактіні баса көрсетті. Әрбір адамның мүмкіндігі бар. Сіз партияға қосыла аласыз және бірден кандидаттыққа өтініш бере аласыз. Егер сіз депутат болғыңыз келмесе, онда сіз партия мүшесі болу арқылы сіздің мүдделеріңізді қорғай алатын адамды таңдай аласыз. Біздің әрбіріміздің таңдау құқығымыз бар. Осы жерде және қазір. Мен қолдан келгенді жасап, өкінбеуді таңдадым, - деп жазды ол.



Өзгелердің жаңалығы