Волонтерлар "Халық алғысы" медалімен марапатталды

6 Шілде 2020, 16:18
1643
Бөлісу:
Волонтерлар "Халық алғысы" медалімен марапатталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған "Халық алғысы" арнайы медалімен "Biz Birgemiz" жалпы республикалық акциясының ең белсенді волонтерлары марапатталды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын 3 мыңнан астам жас қазақстандық партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған алғыс хаттарға ие болған еді.

Салтанатты шара барысында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек соңғы бірнеше айда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған "Birgemiz" қоры Елбасының тапсырмасымен 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасы тікелей қаржылық көмекпен қамтылғанын атап өтті. 

5 миллионнан астам тегін маска таратылды. Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттері мен бірінші кезекте қажетті тауарларды алды. Оның айтуынша, осынау ауқымды жұмысты волонтерлардың көмегінсіз атқару мүмкін емес еді. 

Бүгін маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сіздерге "Халық алғысы" арнайы медалін тапсыру абыройлы міндеті бұйырып отыр. Сіздер бірнеше ай бойы өз өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызға төнетін қауіпке қарамастан, мұқтаж қазақстандықтарға барынша көмек көрсеттіңіздер. Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су басқан ауыл тұрғындарына да көмек беруге алғашқылардың бірі болып аттандыңыздар. Азаматтық белсенділіктеріңіз бен ақ ниеттеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. Сіздердің көпшілігіңіз партияішілік іріктеу – праймеризге де қызу қатысатындықтарыңызға сенімдімін, - деді ол. 

Волонтерларға Мемлекет басшысының атынан тағайындалған медальдармен бірге Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолы мен суреті бейнеленген футболкалар да берілді.


Өзгелердің жаңалығы