Волейболдан әйелдер құрамасы Орталық Азия чемпионатында топ жарды

24 Тамыз 2021, 12:15
4734
Бөлісу:
Волейболдан әйелдер құрамасы Орталық Азия чемпионатында топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Орталық Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ферғанада (Өзбекстан) волейболдан әйелдер арасындағы Орталық Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы топ жарды. Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, Қырғызстан командасы үздік үштікті қорытындылады. Ал Тәжікстан төртінші орынға тұрақтады. 

Өзгелердің жаңалығы