Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік БАҚ-та Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Владимир Жириновский бүгін сағат 10.45-те қайтыс болды. Саясаткер соңғы күнін комада өткізді, - деп хабарлады Mash телеграм арнасы.
РИА Новостидің хабарлауынша, сенатор Пронюшкин Ресей либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Жириновскийдің қайтыс болғанын растады.
Саясаткер 75 жаста болатын. Айта кетейік, Жириновский 2 ақпанда COVID-19 диагнозымен ауруханаға түскен.