Владимир Волков: Алдағы референдумға белсенді қатысу маңызды

26 Мамыр 2022, 18:39
1528
Бөлісу:
Владимир Волков: Алдағы референдумға белсенді қатысу маңызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Владимир Волков пен Андрей Лукин Ақмола облысының фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды Сенат баспасөз қызметі.

Сенаторлар ауыл тұрғындарымен кездесуде алдағы республикалық референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты мәселелерді талқылады.

Конституцияға енгізілетін маңызды түзетулерге дауыс беретін кез жақындап келеді. Бұл өзгерістерде демократиялық жаңаруларды көздейтін жаңа саяси реформалар қамтылған. Алдағы референдумның оң нәтижесі азаматтардың өзіне, сіз бен біздің ширақтығымызға байланысты болатынын айтқым келеді. Бұл біздің әрқайсымыздың Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосудың зор мүмкіндігі, - деді комитет төрағасы Владимир Волков.

Сенатор Андрей Лукин барлық қазақстандықтардың алдағы референдумға белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті. Ол алдағы дауыс беру азаматтардың өз еркін білдіру тәсілдерінің бірі екенін, онда еліміздің жаңаруы мен жаңғыруына әркім өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

Парламентшілер сонымен қатар «Соңғы қоңырау» салтанатына қатысты және ауылдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, учаскенің қызметімен танысты.

Өзгелердің жаңалығы