Владимир Путин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2021, 15:07
1630
Бөлісу:
Владимир Путин қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлттық мейрам – Тәуелсіздік күнімен құттықтап жеделхат жолдады, деп хабарлады Ресей Президентінің сайты.

 

Ресей Президенті Владимир Путин өзінің жеделхатында Мемлекет басшысын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да көптеген саладағы қол жеткізген табыстарын атап өткен. Ресей Президенті еліміздің әлемдік аренадағы жоғары беделіне ерекше тоқталған.

 

«Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Түрлі бағыттардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ сияқты құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық жемісін беріп жатыр», - деп атап өтті құттықтауында Ресей президенті. 

В.Путин екі ел халықтарының игілігі және еуразиялық құрлықтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесі үшін қазақстандық-ресейлік конструктивті байланысы одан әрі нығая түсетініне сенімін білдірді.


 

Өзгелердің жаңалығы