Астана, baq.kz. Henley & Partners компаниясы жариялаған төлқұжаттар индексі халықаралық рейтингісінде Қазақстан 67-орында тұр.
Индексте барлық елдің визалық режимі зерттеліп, азамат
тардың елдер арасында жүріп-тұру еркіндігі анықталған. Визасыз режимге сүйенген рейтингіде Қазақстан 67-орында түр. Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. 2018 жылы бұл тізімге 5 ел қосылып, индексте екі сатыға жоғарылады.
Рейтингінің басында Жапония тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз бара алады. Одан кейінгі орында 189 елмен визасыз жүріп-тұру келісімі бар Оңтүстік Корея мен Сингапур орналасты. Үшінші орында Франция мен Германия (188 ел).
Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексін 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Елдердің визасыз режиміндегі өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2018 жылдан бастап индекс жылына бірнеше рет жаңартылады.