Вице-премьер карантинге қатысты: Қырқына шыдадық, енді қырық біріне шыдайық

11 Мамыр 2020, 15:46
1879
Бөлісу:
Вице-премьер карантинге қатысты: Қырқына шыдадық, енді қырық біріне шыдайық
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин әлі жалғасады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов брифинг барысында айтты.

Бүгін президент 16 наурызда басталған төтенше жағдай режимін тоқтатты. Өздеріңіз білесіздер, коронавирус инфекциясының қаупі сейілген жоқ. Сондықтан карантин режимі әлі де сақталады. Карантин шектеулері бойынша әр өңірдің жағдайына байланысты жеке қаралып, шешім қабылданады. Бабаларымыз айтпақшы "Қырқына шыдадық, енді қырық біріне шыдайық", - дейді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар, ол коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге үстемеақы тамыз айына дейін берілетінін айтты. 

Бұл - халықтың көкейінде жүрген сұрақтың бірі. Ол туралы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы тапсырма берген. Оған байланысты үкіметке 40 миллиард теңге бөлінді. Сондықтан біраз дәрігерге үстемеақы берілген. Бұл ақша тамыз айына дейін денсаулық сақтау жүйесінде жұмыста жүрген азаматтарға берілетінін олардың қаперіне салғым келеді, - деді вице-министр.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнап мәлімдеме жасап, төтенше жағдай алынғанымен карантин режимінің әлі де жалғасатынын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы