Вице-министр жұмыс орнында жоқ. Министрлік тергеуге қатысты түсініктеме берді

6 Ақпан 2024, 00:34
1080
Бөлісу:
Вице-министр жұмыс орнында жоқ. Министрлік тергеуге қатысты түсініктеме берді
Фото: BAQ.KZ - архив

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайында құжаттар алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ЭТРМ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясын өткізуге арналған шығыстарға қатысты өткізілген (COP-28) ішкі аудит нәтижелері бойынша ақпараттар Министрлік басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобымен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайында құжаттар алынды, - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта вице-министр жұмыс орнында жоқ.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған еді.

Өзгелердің жаңалығы