Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Петициялар интернет ресурсында жарияланғаннан кейін 6 айдың ішінде республика азаматтарының кемінде 50 мың дауысын алған жағдайда Үкіметте қаралатын болады деген еді. Осы уақытқа дейін 60-70 мың адамның қолы жиналған петициялар болды, бұл өтініш Үкіметте қаралды ма?, – деді журналист.
Вице-министр қазіргі уақытта жарияланған петициялардың заңсыз екенін, Үкіметте қаралмайтынын атап өтті.
Петиция институты енді енгізіліп отыр. Енді қол қойылды, жұмысына кіріседі. Алты ай өткеннен кейін, яғни келесі жылдың 4 сәуірінде күшіне енеді. Бұл жерде арнайы платформа ұйымдастырылады. eOtinish бағдарламасының ішінде бөлек модуль болады. Міне, сол жерде орналастырылған петициялар қарастырылатын болады. Қазіргі таңда 5-6 петиция беру нүктелері бар. Бірақ олар заңды емес. Ол жеке меншік адамдардың шығарып отырғандары. Олар заңдастырылмаған, – дейді вице-министрі Данияр Қадыров.