Вирус жұқтырудың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін – Цой

19 Қаңтар 2021, 09:58
1173
Бөлісу:
Вирус жұқтырудың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы министр Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық-санитарлық ахуал туралы баяндамасында айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы міндетті маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты және вакцинацияны сақтауды қоса алғанда, қолданыстағы шектеу шараларын сақтай отырып, 2021 жылдың соңына дейін елдегі эпидемиологиялық ахуалды дамыту болжамын жасады. Вирус жұқтыру жағдайларын тіркеудің шарықтау шегі осы жылдың наурыз айының соңына келуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мыңға жуық жағдай тіркеледі деп күтілуде. Төсек-орын қорының максималды қамтылуы 24 мың төсек-орынға жетуі мүмкін. Дегенмен, осы сценарий бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу жоспарда жоқ, - деді ол. 

Цой пессимистік сценарий бойынша күнделікті тіркеу 9 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

Шынайы және пессимистік сценарий бойынша алсақ, күнделікті тіркеу сәйкесінше 6 мың және 9 мыңға дейін, ал төсек-орын қорының қамтылуы 45 мыңға дейін жетуі мүмкін. Яғни, КВИ-мен ауыратын науқастар үшін қолжетімді 52 мың төсек-орыннан аспайды. Бірақ денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің шамадан тыс артуына жол бермес үшін қатаң карантиндік шараларды енгізу керек болады, - деп атап өтті министр.

Бұған дейін еліміздің 6 өңірі «қызыл аймаққа» енгені хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы