Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

16 Наурыз 2020, 11:10
1270
Бөлісу:
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның солтүстігінде коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ақпараты бойынша, Ақмола облысының тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан вирус жұқтырған адамдарды Ақкөл қаласына ауыстырып жатқаны жөнінде жалған ақпарат таратқан.

Өзінің туысына жалған ақпарат таратқан Ақкөл қаласының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Әлеуметтік желіде нақтыланбаған ақапартты таратқаны үшін оның туысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы